
Ескулов Пердебек Сержанұлы
Төлеби аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Ескулов Пердебек Сержанұлы
1991 жылы 4 маусымда туылған
1991 жылы 4 маусымда ОҚО, Төлеби ауданы, Ақбастау елді мекенінде дүниеге келген. 1998-2009жылдары Ақбастау жалпы орта мектебінде білім алған. 2009-2012 жылдары Шымкент Аграрлық колледжінде «Техник-технолог» мамандығын оқыған. 2012-2015 жылдары Қазақ инженерлік-техникалық академиясында «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығын оқыған.2019-2021 жылдары А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Құқықтану» мамандығын оқыған. 2015-2019 жылдар Шымкент қаласы №3 балалар эстетикалық саз мектебінде оператор және шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс атқарған. 2019-2020 жылдар Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округі әкімі аппаратында маман қызметін атқарған. 2020 жылдан бері Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ–нің басшысы қызметін атқарып келеді. 2020 жылы маусым айынан бастап аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі және «Төлеби адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі. 2022 жылдан бері Төлеби аудандық қоғамдық кеңес мүшесі. Отбасылы, 3 ұл,1 қыздың әкесі.





