
Әжібаев Нұрдәулет Батырханұлы
Төлеби аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Әжібаев Нұрдәулет Батырханұлы
1984 жылы 8 ақпан күні туылған
Әжібаев Нұрдәулет Батырханұлы 1984 жылы 8 ақпан күні Төлеби ауданының Алғабас ауылында өмірге келді. 2001 жылы Алғабас жалпы орта мекетбін бітірді. Ал 2006 жылы Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің дипломын заңгер мамандығы бойынша алды. Еңбек жолын 2007 жылы Төлеби аудандық әділет басқармасында мұрағатшы болып бастады. 2011-2012 жылдары Шымкент қалалық біржолғы талондар беру орталығының операторы болып жұмыс істеді. 2012-2013 жылдары облыстық сот актілерін орындау департаментінің Төлеби аудандық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы болып қызмет атқарды. 2013-2018 жылдар аралығында Төлеби аудандық әділет басқармасының жетекші маманы болып қызмет істеді. 2018 жылдан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционер қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы Төлеби аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеуде. Отбасылы, 2 ұл мен 1 қыздың әкесі.





