
Өмірбаян
Манкеев Талғат Өткелбайұлы
1966 жылы 21 мамырда туылған
Манкеев Талғат Өткелбайұлы 1966 жылы 21 мамырда Кеңесарық ауылында дүниеге келген. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Абай атындағы колхозда колхозшы болып бастаған. 1983-1988 жылдары Тасарық ауылының тұтынушылар одағының дүкен меңгерушісі, 1993-1996 жылдары осы тұтынушылар одағының төрағасы, 1996-1998 жылдары Төлеби аудандық сауда және базарлар мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, 1998-2001 жылдары Төлеби аудандық тұтынушылар құқығын қорғау одағының төрағасы, 2001-2010 жылдары «Бір жолғы талондар беру орталығы» мемлекеттік мекемесінің Төлеби аудандық филиалының директоры, 2010-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Бір жолғы талондар беру орталығы» мемлекеттік мекемесінің директорының қызметін атқарған. 2014-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлікпен айналысты. 2021 жылдан бүгінге дейін «Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады. Елге сіңірген еңбегі үшін көптеген медальдармен, төсбелгілермен, Алғыс хаттармен марапатталған. Төлеби ауданының Құрметті азаматы.





