
Жарылғасов Мұрат Тыныштықұлы
Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №2 сайлау округі депутаты
Өмірбаян
Жарылғасов Мұрат Тыныштықұлы - 1982 жылы 26 қазанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2004 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - дене шынықтыру пәні мүғалімі.
2022 жылы Шымкент университетін бітірген. Мамандығы-педагогика ғылымдарының магистрі .
Еңбек жолын 2004 жылы Құлсары балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрес бөлімінің мұғалім - жаттықтырушы болып бастаған.
2010-2011 жылдары Құлсары балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарған.
2011-2025 жылдары №1 Жылыой аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін,
2025 жылдан бастап №5 Жылыой аудандық балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарады.
«Ауыл» партиясының мүшесі.
Жылыой аудандық мәслихатының 8 шақырылымының депутаты.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.




