Мамбетова Сәуле Тұрдығалиқызы

    Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №7 сайлау округі депутаты

    Мамбетова Сәуле Тұрдығалиқызы
    Депутат маслихата

    Мамбетова Сәуле Тұрдығалиқызы

    Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №7 сайлау округі депутаты

    Өмірбаян

    Мамбетова Сәуле Тұрдығалиқызы - 1968 жылы 3 ақпанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай селосында дүниеге келген. Ұлты -қазақ.

    Білімі - жоғары. 1991 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Мамандығы дәрігер - гинеколог.

    Еңбек жолын 1991 жылы Атырау облыстық перзентхана бөлімшесінде интернатурадан өтіп бастаған.

    1992-1993 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы Әйелдар емханасында учаскелік акушер-гинеколог, 1993-2002 жылдары Жылыой аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесіне дәрігер-ординатор, перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі, Жылыой аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған.

    2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жылыой аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс жасайды.

    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Жылыой аудандық мәслихатының 5,6,7, 8 шақырылымының депутаты.

    Отбасылы , 1 бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері