
Мұқанов Аманбек Сарыбекұлы
Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №8 сайлау округі депутаты
Өмірбаян
Мұқанов Аманбек Сарыбекұлы – 1980 жылы 16 қазанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты -қазақ.
Білімі- жоғары. 2004 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Мамандығы – инженер-механик.
Еңбек жолын 1999 жылы Жылыой ауданы, Теңіз поселкесі «Бехтел-Энка» мекемесінде аудармашы, техникалық қауіпсіздігі инженері болып бастады.
2001-2006 жылдар аралығында Жылыой ауданы, Теңіз поселкесі «Сенімді-Құрылыс» ЖШС-де ТҚ инженері, ТҚ супервайзер болып қызмет атқарған.
2006-2011 жылдар аралығында Жылыой ауданы, Теңіз поселкесі «Сапастройсервис ИК» ЖШС-і директорының орынбасары, «Жылыойтранссервис» ЖШС-ің директоры қызметтерін атқарды.
2011-2012 жылдар аралығында Жылыой ауданы , Құлсары қаласы жеке кәсіпкер, 2012 жылдан бастап «МұқанСервис» ЖШС-нің директоры болып қызмет атқарады.
«Amanat» партиясының мүшесі.
Жылыой аудандық мәслихатының 6, 7,8 шақырылымының депутаты.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.




