
Нәдіров Нұрлан Дүйімбайұлы
Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №12 сайлау округі депутаты
Өмірбаян
Нәдіров Нұрлан Дүйімбайұлы - 08 желтоқсан 1976 жылы Манғыстау облысында дүниеге келген.
Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары.
2001 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Мамандығы – тау-кен геология инженері.
Еңбек жолын 2001 жылы «Қазмұнайгаз» АҚ СВАР МУ мекемесінде жұмысшы қызметінен бастаған.
2001-2010 жылдар аралығында «Қазмұнайгаз» АҚ СВАР МУ мекемесінде шебер, учаске жетекшісі, эколог, ПТО инженері, 2002-2010 жылдары «Айжұмыс Жылыой» мекемесінде учаске жетекшісі, бас инженер. 2010-2018 жылдары жеке кәсіпкер, 2018-2021 «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында мониторинг инженері қызметтерін атқарған. 2022-2025 жылдары Жылыой аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі.
2025 жылдан бастап Жылыой кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің басшысы қызметін атқарады.
Жылыой аудандық мәслихатының 8 шақырылымының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.




