Орынғалиев Ғафур Қасымғалиұлы

    Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №11 сайлау округі депутаты

    Орынғалиев Ғафур Қасымғалиұлы
    Депутат маслихата

    Орынғалиев Ғафур Қасымғалиұлы

    Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №11 сайлау округі депутаты

    Өмірбаян

    Орынғалиев Ғафур Қасымғалиұлы - 1963 жылы 21 желтоқсанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты- қазақ.

    Білімі –жоғары. 1990 жылы Мәскеу автожол институтын бітірген. Мамандығы - инженер-механик.

    Еңбек жолын 1990 жылы Теңіз басқармасындағы технологиялық көлік өндірістік-техникалық бөлім бастығы болып бастады.

    1999-2004 жылдар аралығында «Аллайд Саппорт» ЖШС –нда автобус паркінің бастығы, компания қызметкерлері бірлестігінің төрағасы, 2004-2016 жылдар аралығында «ESS Support Services» ЖШС-де еңбек және әлеуметтiк мәселелер бойынша координатор, 2016-2018 жылдар аралығында «ESS Support Services» ЖШС-нда АЗП- 2/3 автожөндеу саябағының менеджері болып қызмет атқарған.

    2018 жылдан бастап «ESS Support Services» ЖШС-нда өндірістік қатынастар және мемлекеттік органдармен байланыс басқармасының басшысы қызметінде.

    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Жылыой аудандық мәслихатының 7,8 шақырылымының депутаты.

    Отбасылы, 1 бала тәрбиелеуде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері