Дюсалиев Болат Аманжолұлы

    Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты

    Дюсалиев Болат Аманжолұлы
    Депутат маслихата

    Дюсалиев Болат Аманжолұлы

    Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1970 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген. 1977-1987 жылдар аралығында Мұқыр қазақ орта мектебінде білім алған.

    1993 жылы Алматы теміржол көлігі инженері техникумін «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша және 2013 жылы М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясын «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1992 жылы теміржол саласында Алматы белгі беру және байланыс дистанциясында СЦБ электромонтері қызметінен бастаған.

    1994 жылы Атырау теміржолында СЦБ электромеханигі лауазымына ауысып, 1996 жылы Құлсары стансасында аға электромеханик СЦБ лауазымына қызметін жоғарлатқан.

    2001 жылы Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы директорының орынбасары болып және сол жылдың шілде айынан бастап дистанция басшысы болып жұмыс істеген.

    2003-2007 жылдары жылы Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері.

    2007-2014 жылдары Маңғыстау теміржолында белгі беру және байланыс дистанциясының директоры.

    2014 жылдың тамыз айынан бастап Маңғыстау жол бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бойынша аймақтық бас ревизоры лауазымына тағайындалып, қазіргі күнге дейін қызмет атқарып келеді.

    2016 жылдан бастап Мұнайлы аудандық мәслихатының ІІІ және ІV шақырылымының депутаты болып ауданның өркендеуіне атсалысуда.

    2007 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері