Озғамбаев Қуанышбай Өмірзақұлы

    Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты

    Озғамбаев Қуанышбай Өмірзақұлы
    Депутат маслихата

    Озғамбаев Қуанышбай Өмірзақұлы

    Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1968 жылы Түркменстан Республикасында, Балкан облысында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Алматы Зооветеринар институтын, Орталық Азия университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша – зооинженер, заңгер.

    Еңбек жолын 1993 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысып бастаған:

    1993-1998 жылдары «Қуан» шағын кәсіпорнының директоры;

    1998-2001 жылдары «Volvo» компаниясының ҚР батыс аймақтық ресми дилері «Казавтотрак» ЖШС бас менеджері болып жұмыс істеген.

    2001-2004 жылдары «Мобил-Сервис» ЖШС техникалық директоры болып жұмыс істеген.

    2004-2006 жылдары «Маңғыстау аукциондар мен мүлікті бағалау орталығы» ЖШС директоры.

    2006-2010 жылдары «Альянс Ойл сервис» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

    2010-2012 жылдары «Мобил-Сервис групп» ЖШС бас директоры.

    2012 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің инвестициялар, бюджет және құрылыс жөніндегі орынбасары.

    2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Альянс Ойл сервис» ЖШС бас кеңесшісі лауазымында.

    2019 жылдан «Келжан Агро», «Жарсуат Агро» ауыл-шаруашылық компанияларының құрылтайшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері