
Керелбаев Асқарбек Сайынұлы
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1966 жылы Маңғыстау облысы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Алматы құрылыс техникумын және М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Өндірістік құрылыс» мамандығымен бітірген. Үйленген, 3 баласы бар.
1988-1999 жылдары «Комсомольскнефть» ПОМН мұнай-газ өндіру басқармасының 3-разрядты тас қалаушысы;
1989-1994 жылдары «МаңғышлақМұнайГазСтрой» мекемесінің №3 учаскесінің бригадирі;
1994-1998 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бригадирі, бастығы;
1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін - «Альянс LTD» ЖШС директоры.
Наградалар мен ынталандырулар:
- 2011 ж. «Маңғыстау облысының үздік құрылысшысы» дипломы.
- 2013 ж. «Жыл үздігі» байқауында «Жыл құрылысшысы» дипломы.
- 2014 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалі.
- 2015 ж. «Жыл адамы - 2015» жүлдесі.
- 2016 ж. ҚР Спорт және Мәдениет министрлігінің алғыс хаты.
- 2016 ж. «Меценаттар – 2016» марапаты.
- 2016 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты.
- 2020 ж. «Ақтау қаласының Құрметті азаматы» атағы.
- 2022 ж. «Құрмет» ордені.
- 2023 ж. «Қарақия ауданының Құрметті азаматы» төсбелгі.





