
Бимырзаев Иса Ибрайымұлы
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1975 жылдың 4 наурыз күні Маңғыстау облысында дүниеге келген. 1997 жылы «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына» оқуға түсіп, Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану мамандығын тәмамдаған, инженер құрылысшы мамандығын игеріп шықты.
Өз қызметін 1994 жылы «Ақтау Құрылыс басқармасы» ЖШС тас қалаушы лауазымы бойынша бастады.
Оқумен қатар, 1998-2007 жылдары «КазТрансОйл» АҚ-да өнім операторы лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесін жалғастырды.
2008 жылы «Айком Ltd.» ЖШС құрып, құрылыс саласы бойынша жеке бизнесін құрды.
2015 жылдан бастап құрамында бірнеше «Құрылыс өнеркәсіп одағының» заңды тұлғаларды біріктіру Президенті болып тағайындалды. Олар: «Айком Ltd.», «Айком Транс-Сервис», «Меga Technology Company», «КИС-Актау» және «Актау-Керамзит» ЖШС.





