
Төрекенов Бердімұрат Білімұлы
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1979 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылында дүниеге келген. 1986-1989 жылдары Сайөтес орта мектебінің бастауыш сыныбында оқып одан кейін, 1989-1994 жылдары Қызан мектеп интернат білім алған.
1995 ж. Сайөтеске қоныс аударуына байланысты әкесінің жеке шаруашылығында мал бағады.
1999-2001 жылдары "Қазақстан теңіз қарулы күштері"- әскер қатарына алынып отан алдындағы борышын өтеген.
2003 жылы Ақтөбедегі "Қаржы және экономика "колледжіне түсіп, "Кәсіпорындар мен азаматтық ғимарат электр жабдықтарын монтаждау" мамандығы бойынша 2006 жылы бітіріп шықты.
Еңбекке араласа жүріп 2011 - 2013 жылдары Ақтау полтехникалық колледжінің "Автокөлікке қызмет көрсету және пайдалану" мамандығы бойынша білім алған.
АО ҚТЖ "Электрмен жабдықтау дистанциясында" электр жөндеуші кейіннен бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
2018-2022 жылдары Орал қаласындағы Батыс Қазақстан иновациялық-техногиялық университетінің "Көлік, көліктік техника және технологиялар" мамандығы бойынша бітірген жоғарғы білімді маман.
2011 жылдан бастап ЖСШ "Арғымақ Транс Сервиз" Қаражанбасмұнай кен орнында ДТТ бөлімінде "Техникаға қызмет көрсету" қызметінде мастер қызметін абыроймен атқарып келеді.
Еңбек өтілі 23 жыл, арнаулы жоғарғы оқу орындарын бітірген.
2021-2023 жылдары Маңғыстау ауданы мәслихат депутаты ретінде өз деңгейінде елдің мұң-мұқтажын жеткізіп, абыройлы қызмет атқарған жылдары республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі түрлі дәрежедегі мапараттармен қоса "Біздің Депутат" Республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингі бойынша "Үздік депутат" және "Аманат" партиясының "Белсенді қызмет үшін" төс белгісімен мапаратталған.





