
Өмірбаян
Жүнісәлиева Лайла Маханбетқызы, 1971 жылдың 4 мамырында Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Алғабас қой совхозында дүниеге келген. 1986жылы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепті қазақ тілінде бітіріп, 1986-1989 жылдар аралығында Жамбыл есеп-санақ техникумында «өнеркәсіп бухгалтері» мамандығы, 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттікуниверситетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша сырттай тәмамдаған.
Жанұялы, алты баланың анасы, төрт немеренің әжесі.
Еңбек жолын, 1989-1992 жылдары үй басқаруда есепші қызметінен бастаған. 1992-1998 жылдары «Каспий банк» Шу аудандық филиалында бөлімше басшысы,1998-2005 жылдары Қамқор РКО басшысы, 1998 жылдан осы уақытқа дейін ИП «Алтын Орда» кешенінің құрылтайшы-директоры, 2015 жылдан бастап Шу ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы,2016 жылдан бастап Шу ауданы, Шу қаласы «Әсия-Әлемі» кешенінің құрылтайшысы-директоры қызметін атқарып келеді. «Нұр Отан» партиясының аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен, Жамбыл облысы әкімінің, Шу ауданының әкімінің, аудандық білім бөлімінің бірнеше Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, «Қазақстан ұстазы», «ҚР Тәуелсіздігіне -25 жыл» медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның 100 қайраткер әйелі» кітабының тізіміне енген.





