
Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы 1958 жылы 21 маусымда Қызылорда облысы, Жанақорган ауданында дүниеге келген.
1965-1975 жылдары Жалағаш ауданындағы №31 орта мектебінде оқыған.
1975-1985 жылдары жұмысшы, тас қалаушы, әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеген, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының "Ауылшаруашылығы құрылысы" факультеті бойынша инженер-құрылысшы мамандығына ие болған.
1985-1988 жылдары Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Қараөзек кеңшарында құрылыс шебері, прораб.
1988 жылы КСРО Ауылшаруашылығы министрлігінің АЗВИ-ғы Басқарушы кадрлар дайындайтын факультетінде білімін жетілдірген.
1988-1990 жылдары Тереңөзек ауданы агроөнеркәсіп бірлестігінің бас маманы, құрылыс кооперативінің басшысы.
1990-1994 жылдары Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының құрылыс бөлімінің бас маманы, басшысы.
1994-1996 жылдары "Гауһар" КЖК директорының орынбасары.
1996-2001 жылдары "ОSТ" ЖШС директоры.
2001 жылдан "Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты" ЖШС атқарушы директоры.
2004 жылдары Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, қаржы-экономика факультетінің, "Кәсіпорындағы экономика және басқару" мамандығы бойынша экономист, заңгер.
2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша бакалавр академиалық дәрежесі.
2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті "Мұнай газ ісі" мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі.
Қызылорда облыстық мәслихатының VI, VII, VIII шақырылымдағы депутаты.
"AMANAT" партиясының мүшесі.





