
Өтеев Мінәжадин
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Өтеев Мінәжадин 1957 жылы 11 сәуірде, Қазалы ауданы Майдакөл ауылдық кеңесінде (қазіргі Бекарыстан би ауылы) дүниеге келген.
1973 жылы Жаңа Қазалы поселкесіндегі №216 Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебін бітіріп шыққан.
1973-1975 жылдар аралығы – Жаңақазалы поселкелік коммуналдық шаруашылық мекемесінде слесарь;
1975-1979 жылдар аралығы – Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша білім алған.
1979-1984 жылдар аралығы – Қазалы ауданындағы «Транссельхозтехника» автобазасында бас экономист, бас есепші;
1984-1992 жылдар аралығы – Қазалы ауданының КОКП ХХІІ съезі, К.Маркс, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшарларында бас экономист, бас есепші;
1992-1993 жылдар аралығы – Қазалы аудандық салық инспекциясында бөлім басшысы;
1993-1996 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ленинск қалалық бөлімшесінде аға экономист, бас есепшісі;
1996-1999 жылдар «Наурыз» ЖШС-нің директоры;
1999 жылдан қазіргі кезге дейін «Сыр Маржаны» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.
Қазалы аудандық мәслихатының III, IV, V және Қызылорда облыстық мәслихатының VI, VII шақырылымдарының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Отбасылы, үш ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.





