
Төрешова Ләйлә Бегалықызы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Төрешова Ләйлә Бегалықызы 1966 жылы 2 қаңтарда Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
1983 жылы Жосалы кентінің М.В. Фрунзе атындағы № 27 орта мектебін бітірген.
1983-1987 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында оқып, «Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.
1987 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы қыстағының № 250 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1988-1989 жылдары Қызылорда қаласындағы Оқушылар сарайының «Юность» үйірме жетекшісі;
1989-1990 жылдары қалалық № 2 кәсіптік-техникалық училищесінде комсомол комитетінің хатшысы, қалалық комсомол комитетінің идеология бөлімінің инструкторы;
1990-1993 жылдары облыстық комсомол комитетінің идеология бөлімінің инструкторы;
1993-1996 жылдары облыстық жастар ісі жөніндегі комитетінің бөлім басшысы, төраға орынбасары;
1996-1998 жылдары облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы басшысының орынбасары;
1998-2005 жылдары Қызылорда облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. Талдау және тіл саясаты бөлімінің басшысы. Қызылорда облысы бойынша ақпарат басқармасының ұйымдастыру жұмыстары және әлеуметтік технологиялар бөлімінің басшысы.
Қызылорда облысы бойынша тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұлт тілдерін дамыту және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімінің басшысы;
2005-2012 жылдары Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2012-2014 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;
2014-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы;
2020 жылдың 15 маусымынан «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары, 2022 жылдың 1 наурызынан бастап облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарады.
Қызылорда облыстық мәслихатының VIІ шақырылымының депутаты.





