
Төлепов Орынбасар Өтепұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Төлепов Орынбасар Өтепұлы 1962 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Энгельс колхозында (қазіргі Дүр Оңғар ауылы) дүниеге келген.
1979 жылы Комсомол атындағы орта мектепті бітірген.
1979–1981 жылдары Энгельс колхозында механизатор;
1981-1983 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген.
1983-1985 жылдары Комсомол атындағы мектепте еңбек және сурет пәндерінің мұғалімі;
1985–1988 жылдары Энгельс колхозында механизатор;
1985-1992 жылдары Алматы ауыл шаруашылық институтын оқып, «Инженер – электрик» мамандығы бойынша білім алған.
1988-1993 жылдары инженер – электрик;
1993-2004 жылдары бас электрик;
2004–2016 жылдары бас инженер;
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Жаңажол» ЖШС директоры қызметін атқарады.
Қызылорда облыстық мәслихатының VII, VIII шақырылымдарының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Отбасылы, төрт бала, бес немере тәрбиелеп отыр.





