
Абдрахманов Ербол Мұсаұлы
Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Абдрахманов Ербол Мұсаұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазтұтынуодағының Қарағанды университетін бітірген.
ҚР Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті сарапшысының м. а. (2008);
ҚР Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіндегі әртүрлі лауазымдар (2008-2012);
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің Заң басқармасының басшысы (2012-2013);
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Заң басқармасының басшысы (2013-2014);
Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы (2015-2017);
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің құқықтық, ұйымдастырушылық кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы (2017-2019);
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Заң департаментінің аудиторлық іс-шараларды құқықтық сүйемелдеу секторының бас сарапшысы, бас консультанты, сектор меңгерушісі (2019-2022);
ҚР жоғары аудиторлық палатасының бас консультант-мемлекеттік аудиторы (03.2022-05.2023);
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі (05.2023 бастап).


