
Пшанов Бауыржан Төлешұлы
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Пшанов Бауыржан Төлешұлы 1980 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары экономикалық.
Өндірістік оқу шебері (2000);
Шиелі аудандық сотында жетекші маман-сот отырысының хатшысы (2003);
Сырдария аудандық кірістердің түсімін талдау және бағдарлау бөлімінің жетекші маманы (2003-2004);
Қызылорда облыстық қаржы басқармасында тексеру бөлімінің жетекші маманы (2004-2005);
Денсаулық сақтау саласы бойынша қаржылық жоспарды жүргізу және рұқсат беру бөлімінің жетекші маманы (2005-2007);
Қаржылық жоспарды жүргізу және рұқсат беру бөлімінің бастығы (2007-2009);
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу жөніндегі бөлімінің бас маман-бақылаушысы (2009-2012);
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясына бас маман, аппарат басшысы (2012);
Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор (05.2023-08.2023);
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі (08.2023 бастап).
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің III дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалі (2013);
«Қызылорда қаласына 200 жыл» медалі (2018);
Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хаты» (2021); «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі (2025).


