
Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы 1976 жылы 27 тамызда Түркістан қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Қызылорда политехникалық институтын «бухгалтер - экономист» мамандығы бойынша және 2013 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «құқық» бакалаврын бітірген.
«Дәнекер» акционерлік қоғамында бухгалтер (1997-1999);
Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінде инспектор, жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы (1999-2008);
Қызылорда облысы бойынша салық департаментінде басқарма бастығы, департамент басшысының орынбасары (2008-2014);
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудит басқармасының басшысы (2014-2015);
Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі (2015-2016);
Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары (2016-2018);
Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (2018-2022);
«Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (2022-2023);
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы (05.2023-08.2023);
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі (08.2023 бастап).
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі (2016);
«Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісі (2021);
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021); «ҚР Қаржы министрлігіне 100 жыл» төс белгісі (2022);
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының Құрмет грамотасы (2024); «Құрмет» ордені (мемлекеттік награда) (2025).


