
Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
НәлібаевМақсұт Ыбрайханұлы 1961 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.
1983 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтында оқып, «Инженер-гидротехник» мамандығын тәмамдаған.
1983 -1985 жылдары Кеңес әскері қтарында әскери борышын өтеген.
1985-1987 жылдары «Қызылордаремводстрой» Трестінде өндіріс бөлімінің инженері;
1988 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің Саратов жоғарғы курсында;
1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінде оқып, «Заңгер» мамандығы бойынша білім алған.
1987-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында және қаржы полициясында қызмет атқарған. Оның ішінде: 1997-1998 жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы;
1998-2004 жылдары Қызылорда облысы бойынша Салық және қаржы полициясының бастығы, 2004-2006 жылдары Қарағанды облысы Қаржы полициясы департаментінің бастығы, 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің департамент бастығы;
2007-2011 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық басқармасы басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы;
2011-2012 жылдары Ақмола облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы;
2012-2014 жылдары Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы;
2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департамент басшысы;
2016 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың желтоқсан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық бюросы департаментінің бастығы;
2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы;
2019-2021 жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2021 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қызметін атқарады.
Қызылорда облыстық мәслихатының VIІ, VIII шақырылымдарының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Отбасылы, 1 ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр.





