
Ибраимова Лаура Колханатқызы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Ибраимова Лаура Колханатқызы 1971 жылы 20 қазанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Арал қаласындағы № 14 орта мектебін бітірген.
1989-1994 жылдары Алматы қаласындағы Халықаралық әлем тілдері Университетінде оқып, «Ағылшын және қазақ тілдері»;
2003-2006 жылдары Алматы қаласындағы Орталық Азия Университетінде оқып, «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
1993-2006 жылдары Арал қаласындағы № 14 және № 64 орта мектептерінде ағылшын және қазақ тілі пәнінің мұғалімі, мектеп психологы;
2003-2004 жылдары Арал аудандық білім бөлімінде қазақ және ағылшын пәндері бойынша әдіскер;
2007-2009 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімінде заңгер-кеңесші;
2009 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Арал аудандық бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
2020 жылдан бастап «Арал Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.
Қызылорда облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп отыр.





