Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы

    Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты

    Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы
    Депутат маслихата

    Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы

    Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы 1978 жылы 30 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    1994 жылы Арал қаласындағы № 13 орта мектебін бітірген.

    1994-1998 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып, «Бизнес және еңбек педагогы» мамандығы бойынша білім алған.

    1998-1999 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеген.

    2000-2001 жылдары Қазақ гуманитарлық – заңгерлік университетінде оқып, «Заңгер» мамандығы бойынша білім алған.

    2000 - 2001 жылдары Арал аудандық сотында маман;

    2002-2006 жылдары Қызылорда табиғат қорғау және Арал, Қазалы аудандық прокуратурасында прокурордың көмекшісі;

    2006-2007 жылдары Шиелі аудандық прокурорының аға көмекшісі;

    2007 - 2009 жылдары Қызылорда облыстық прокуратурасының тергеу және заңдылықты сақтау бөлімінде аға прокурор, Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары;

    2009 жылдан бастап «Тоғыс - Аралотын» ЖШС директоры қызметін атқарады.

    Қызылорда облыстық мәслихатының VI, VII, VIII шақырылымдарының депутаты.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Отбасылы, 7 бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері