
Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлы 1972 жылы 31 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1990-1992 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген.
1992-1993 жылдары Қызылорда жылу электр орталығы мекемесінде слесарь;
1993-1997 жылдары Қызылорда политехникалық институтын оқып, "Бухгалтер-экономист" мамандығы бойынша білім алған.
1997-2004 жылдары Қызылорда облыстық қаржы басқармасында экономист, жетекші маман, бөлім басшысы;
2005-2007 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім басшысы;
2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі;
2008-2010 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі;
2010-2012 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;
2012-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары;
2013-2014 жылдары «Сыр Медиа» ЖШС бас директорының орынбасары;
2014-2020 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы;
2020-2021 жылдары «Байқоңыр» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың 1 ақпан айынан бастап Экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
Қызылорда облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.
«Ақ жол» ҚДП мүшесі.





