
Есқалиева Гүлнара Бабабекқызы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Есқалиева Гүлнара Бабабекқызы 1969 жылы 31 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1986 жылы Сырдария ауданындағы № 36 орта мектебін бітірген.
1988-1993 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған.
1992-1999 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы;
1999-2001 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кадр бөлімінің инспекторы;
2001-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы;
2005-2011 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы;
2011-2014 жылдары Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бас маманы;
2014-2020 жылдары Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары;
2020 жылдан бастап Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
Педогогика ғылымдарының магистрі.
Қызылорда облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Отбасылы, 3 ұл тәрбиелеп отыр.





