
Есенов Расул Әбутәліпұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Есенов Расул Әбутәліпұлы 1973 жылы 26 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
1988 жылы Тереңөзек кентіндегі № 210 орта мектебін бітірген.
1988-1991 жылдары аудандық № 10 орта кәсіптік оқу орнын тәмамдаған.
1991-1995 жылдары Қарағанды педагогикалық институтында оқып, «Еңбек, есептеу техникасы және информатика»;
2004-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып, «Заңгер» мамандығы бойынша білім алған.
1999 жылдан бастап «Углесбыт» ЖШС құрылтайшысы және директоры қызметін атқарады.
Сырдария аудандық мәслихатының IV, V және Қызылорда облыстық мәслихатының VI, VIІ шақырылымдарының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.





