
Боранбаев Қайрат Жомартұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Боранбаев Кайрат Жомартұлы 1967 жылы 19 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген.
1984 жылы Қызылорда қаласындағы № 5 орта мектебін бітірген.
1984 -1991 жылдары Алматы халық шаруашылық институтында оқып, «Экономист» мамандығы бойынша білім алған.
1985 - 1987 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген.
1987-1998 жылдары жеке кәсіпкер.
1998-1999 жылдары Қызылорда облыстық салық полиция Департаментінде облыстық жедел бөлім басшысы, Басқарма басшысының орынбасары;
1999-2001 жылдары Қарағанды Ішкі істер министрлігінің Заң институтында оқып, «Құқықтанушы» мамандығын тәмамдаған.
1999 – 2009 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде бақылау басқармасының басшысы, «Байқоңыр» Кедендік бекетінің басшысы, Кедендік бақылау Департаментінің басшысы;
2009-2020 жылдары «K-Group LTD» ЖШС Басқарма төрағасы:
2020 жылғы наурыз айынан бастап «Нурлен» ЖШС Басқарма төрағасы қызметін атқарады.
Қызылорда облыстық мәслихатының VII, VIII шақырылымдарының депутаты.
«Ақ жол» ХДП мүшесі.
Отбасылы, 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр.





