
Бихожаева Сәрсенкүл Байдешқызы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Бихожаева Сәрсенкүл Байдешқызы 1963 жылы 28 тамызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған елді мекенінде дүниеге келген.
1980-1985 жылдары С. М. Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқып, «Журналист» мамандығы бойынша білім алған.
1985-1997 жылдары Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінде корректор, бөлім қызметкері, сектор меңгерушісі;
1997 жылдан бастап «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
Әйелдер көшбасшылығы аймақтық мектебі қоғамдық қорының құрылтайшысы;
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия;
Қазақстан Журналистер одағының;
Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау қоғамдық кеңесінің;
Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің;
Қызылорда «Nur Otan» филиалы жанындағы «Мирас» кеңесінің мүшесі.
Қызылорда қалалық мәслихатының II, III, IV, VI шақырылымының депутаты. Қызылорда облыстық мәслихатының VIІ шақырылымының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





