
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 1957 жылы 21 шілдеде Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.
1974 жылы Қызылорда қаласындағы № 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепбін алтын медальмен, 1979 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын үздік дипломмен бітірген.
1979-1980 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Темірбетон құрастырмалары» кафедрасында стажер-зерттеуші;
1980-1982 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында оқытушы;
1985 жылы Мәскеу қаласында Бетон және темірбетон ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық диссертация, 1995 жылы Ресей Федерациясы Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында докторлық диссертация қорғаған.
1986-1990 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында аға оқытушы, факультет деканы, директордың орынбасары;
1990-1996 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректоры;
1996-1998 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының ректоры;
1998-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры;
2006-2007 жылдары «Нұр Отан» ХДП Қызылорда филиалының төрағасы;
2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі IV шақырылымының депутаты болып сайланып, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі;
2011 жылдың 12 тамызы мен 2019 жылдың 25 қаңтары аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарған.
2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сәулет және құрылыс өндірісі кафедрасының професссоры, университет ректорының ғылыми және қоғамдық байланыс жөніндегі кеңесшісі.
2019 жылдың қыркүйек айы - 2021 жылғы қаңтар айы аралығында Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.
Қызылорда облыстық мәслихатының I, II, III, V, VI, VIІ шақырылымдарының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Отбасылы, 4 бала және немерелер тәрбиелеп отыр.





