
Байрахтарова Дильфура Бакишқызы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Байрахтарова Дильфура Бакишқызы 1976 жылы 11 қарашада Қармақшы ауданы III Интернационал ауылында дүниеге келген.
1994 жылы №108 орта мектебін бітірген.
1994-1998 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып, «Шығыстану» мамандығы бойынша білім алған.
1998-2001 жылдары № 108 орта мектебінде тарих, география пәнінің мұғалімі;
2001-2004 және 2016-2018 жылдары мектепте кәсіподақ ұйымының төрайымы;
2005-2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып, «Тарих және География» мамандығы бойынша білімін жетілдірген.
2018 жылдан бастап №108 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі.
Қызылорда облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





