Кубиева Жанар Әнуарбекқызы

    Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл

    Кубиева Жанар Әнуарбекқызы
    Руководитель аппарата

    Кубиева Жанар Әнуарбекқызы

    Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл

    Өмірбаян

    1966 жылғы 14 қарашасында Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1991 жылы есепші мамандығы бойынша Қазақ ССР ауылшаруашылық Министрлігінің Талғар ауылшаруашылық техникумын, 2004 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.

    1984 жылы Ленин атындағы орта мектепті аяқтап Ленин атындағы совхозда жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. 1987 жылы халық депутаттары Лабасы ауылдық Кеңісінің әскери-есепке алу орының бастығы. 1992 жылы халық депутаттары Лабасы ауылдық Кеңісінің хатшысы болып ауысып 2000 жылдың сәуір айында аудан әкімінің конкурстық комиссия шешімімен, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу конкурсы бойынша Лабасы ауылдық округінің әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылдың маусымынан 2008 жылдың наурыз айына дейін аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту бөлімінің бастығы. 2008 жылдың наурызынан 2010 жылдың ақпан айында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың қантар айына дейін Көксу ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бастығы, 2013 жылдың қантарынан 2019 жылдың ақпан айынан дейінаудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2019 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін аудан әкімі аппаратының Персоналды басқарудың, бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. 2023 жылдың 19 желтоқсанынан бастап Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері