
Аким
Халелов Дәулет Кенжеханұлы
Жетісу облысы Көксу ауданының әкімі
Өмірбаян
Халелов Дәулет Кенжеханұлы 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетін бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын "Каблиса" өндірістік кооперативінің бухгалтері, одан кейін Көксу ауданының "Көксу-Шекер" ААҚ бухгалтері болып бастады.
Әр жылдары Көксу ауданы әкімінің көмекшісі, Лабасы ауылдық округінің әкімі, Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Жетісу облысы Көксу ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Көксу ауданының әкімі болып тағайындалды.



