
Шалқыбеков Ержан Өтегенұлы
Жетісу облысы Көксу ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1976 жылы 01 мамырда Талдықорған облысы Киров ауданы Ақтекше ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «орман шаруашылығы инженері» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы Құқық және экономика академиясын тәмамдап, «қаржыгер» мамандығын алған.
Еңбек жолын 1998 жылы Көксу ауданы Ақтекше ауылындағы «Айдын» шаруа қожалығында жұмысшы болып бастады. Әр жылдары «Самен-Мерей» шаруа қожалығында, Көксу ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Қаблиса ауылдық округінің әкімі, Көксу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, «Көксуирригация» ММ басшысының орынбасары, Лабасы ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды.
2018 жылдан бастап Көксу ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2022 жылғы қаңтар айынан ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімін басқарды.
Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен ішкі конкурс нәтижелері бойынша, 2022 жылғы 18 қарашадағы Көксу ауданы әкімінің өкімімен Көксу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.



