
Нұржауыпова Марал Рыскелдіқызы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
Өмірбаян
1968 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында туған.
1990 жылы Қорған машина жасау институтын дәнекерлеу өндірісінің жабдығы мен технологиясы мамандығы бойынша бітірді.
2000 жылы Алматы экономика және статистика институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді.
1990 жылғы тамыздан 1994 жылғы наурызға дейін В.В. Куйбышев атындағы Машина жасау зауытының экономисі болып істеді.
1994 жылғы сәуірден қазанға дейін «Адам-инвест» компаниясының бухгалтері болып істеді.
1996 жылғы наурыздан 2014 жылғы қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысының статистика органдарында экономист, бас экономист, басқарма басшысы жұмысын атқарды.
2014 жылғы 4 қараша - 2020 жылғы 5 қараша – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінің басшысы;
2020 жылғы 6 қараша - 2022 жылғы 3 қараша - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.
2022 жылғы 4 қараша - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.



