
Дәуренов Жорабек Әбдімажитұлы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
1969 жылғы 6 қаңтарда Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған.
1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін «Мәдени-тынығу жұмысы және көркем шығармашылықты ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
1987-1999 ж. - Совет Армиясы қатарында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету.
1999-2001 ж. - «Union Chemical» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының көмекшісі, коммерциялық директоры.
2002-2004 ж. - «Компас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас менеджері.
2005-2009 ж. - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат дамыту бөлімінің маманы, бас маманы, бастығы; Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімінің орынбасары.
2009-2010 ж. - Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.
2010-2015 ж. - «Астана қаласы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2015-2018 ж. - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениет және дін халықаралық орталығы» РММ директорының орынбасары.
2018-2019 ж. - «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РММ өңірлік дамыту директоры.
2019 жылғы 15 наурыздан 2020 жылғы 6 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Статистика департаментінің басшысы.
2020 жылғы 6 қараша - 2022 жылғы 6 қараша - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2022 жылғы 7 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.
Марапатталды:
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, (2011 жыл);
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі, (2015 жыл);
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі, (2016 жыл).



