
Нұрғалиева Жұлдыз Керейқызы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
Өмірбаян
1982 жылғы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Муромское с. туған.
2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2003-2004 ж. - «Отан заң орталығы» ЖШС-нің заңгері;
2004 ж. - Солтүстік Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығының аға маман-заң кеңесшісі;
2005-2008 ж. - Солтүстік Қазақстан облысының Статистика басқармасының жетекші маманы;
2008-2014 ж. - Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінің жетекші маманы, бас маманы, басқарма басшысы;
2014-2020 ж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінің басқарма басшысы;
2020 жылы 30 шілде - 5 қараша - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысы Статистика департаменті басшысының орынбасары;
2020 жылғы 6 қарашадан бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.



