
Есқали Ринат Нәбидоллаұлы
Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Р.Н.Есқали 1989 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін география мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Жалпы білім беретін Еркінқала орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2013-2014 жылдары Жалпы білім беретін Еркінқала орта мектебінде география пәнінің мұғалімі;
2014-2016 жылдары Жалпы білім беретін Еркінқала орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2016-2019 жылдары Исатай аудандық білім бөлімінде әдіскер;
2019-2020 жылдары Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы;
2020-2023 жылдары Исатай ауданы әкімінің кеңесшісі .
2023 -2025 жылдары Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2025 жылдың шілде айынан бастап Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымында.





