
Жампейсов Нұрбол Аманкелдіұлы
Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Н.А.Жампейсов 1996 жылы 6 ақпанда Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген.
2018 жылы Атырау мұнай және газ университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша және
2022 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2021 жылы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы болып бастаған.
2021 жылғы тамыз айынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі өндірістік-техникалық секторының бас маманы;
2023 жылы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі көлік, энергетика және байланыс секторының бас маманы;
2023 жылғы маусым айынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру бөлімі сектор меңгерушісі;
2024 жылдан бастап Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2025 жылдың тамыз айынан бастап Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымында.

