
Сапаева Алтынзер Орынгалиқызы
Исатай ауданы экономика және қаржы бөлімі басшысы
Өмірбаян
А.О.Сапаева 1973 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын "мемлекеттік бюджет" мамандығы бойынша,
1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Балықшы аудандық қаржы бөлімінде ІІ категориялы халық шаруашылығын қаржыландыру бойынша экономист болып бастаған.
1991-1993 жылдары Исатай аудандық қаржы бөлімінің бюджет бойынша экономисті;
1993-1995 жылдары Исатай аудандық қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары;
1995-2003 жылдары Исатай аудандық қаржы бөлімінің бюджет бойынша экономисті;
2003-2004 жылдары Исатай аудандық қаржы бөлімінің түсімдерді жобалау және экономикалық талдау жөніндегі бас маманы;
2004 жылы Исатай аудандық қазынашылық бөлімінің сектор меңгерушісі-бас есепшісі;
2004-2008 жылдары Исатай аудандық қазынашылық бөлімі бастығының орынбасары;
2008-2016 жылдары Исатай аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары;
2016-2017 жылдары Исатай аудандық қазынашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2017 жылдың тамыз айынан бастап Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымында.





