Шырын Қайырбек
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Шырын Қайырбекқызы 1977 жылы Май ауданы Белогорье ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары,2003 жылы –Қайнар университін «Шетел тілі: екі шеттілі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Екібастұз қаласы №17 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастаған, 1998-2004 жылдары Екібастұз қаласының орта мектеп-лицейінің, №2,№19 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 2006-2010 жылдары Павлодар қаласының №2, №21 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 2010-2011 жылдары Май ауданының білім беру бөлімінің әдіскері, 2011-2012 жылдары Май ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, 2012-2015 жылдары Май ауданының білім беру бөлімі басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Павлодар ауданының білім беру бөлімі басшысының орынбасары, 2017-2019 жылдары Май ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының №1 автобус паркінің персоналмен жұмыс жасау жөніндегі бөлімінің басшысы, 2021 жылғы сәуір айынан бастап Екібастұз қаласы әкімі аппаратының ақпарат және қоғаммен байланыс жөніндегі бас инспекторы лауазымында қызмет атқарды.



