
Волошина Ирина Владимировна
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Білімі - жоғары. «Басқа ұлт мектептерінің орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетің 2002 жылы бітірген.
Е.Мұқашев атындағы ЖОМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі (Май ауданының Көктөбе селосы); Курчатов қаласы (ШҚО) әкімінің баспасөз қызметінде (2008 – 2011 ж.ж.); «ШҚО Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы (2010 жылы сәуір-желтоқсан); .); «ШҚО Курчатов қаласының білім беру бөлімі» ММ әдіскері (2010 жылы желтоқсан – 2011 жылы қазан); «ШҚО Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ әдіскері (2011 жылы қазан-қараша); «Май ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы (2011 жылы желтоқсан – 2012 жылы қазан); Май ауданы әкімі аппаратының бас маманы (2012 жылы қазан-қараша) болып жұмыс істеді.
2012 жылдың қараша айынан – Май ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы лауазымында.



