
Алпысбаев Мирас Бақытбекұлы
Май ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Щербақты ауданы Жанауыл ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2016 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ-ін бітірген.
Еңбек жолын Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталығының Ақсу қаласы филиалының инспекторы ретінде бастады. 2011-2014 жылдары. «Ақсу қаласы әкімі аппараты» ММ техник ретінде жұмыс істеді. 2015-2016 жылары Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің технигі. 2020-2021 жылдары Ақсу қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы.
2021 жылғы сәуір айынан бастап шілде айы аралығында Ақсу қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы.
201 жылғы тамыз айында Май ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып тағайындалды



