Ізбергенов Ербол Күрентайұлы

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

    Ізбергенов Ербол Күрентайұлы
    Заместитель акима

    Ізбергенов Ербол Күрентайұлы

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Ербол Күрентайұлы Ізбергенов 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы инженер-құрылысшы. “Іскерлік басқару” магистрі.

    Еңбек жолын 1991 жылы «Маңғыстаумұнайгазбарлау» кешенді экспедициясы құрылыс-жинақтау учаскесінің тас қалаушысы қызметінен бастаған.

    Әр жылдары өңірлік деңгейдегі құрылыс мекемелерінде, Ақтау қаласы әкімдігінде еңбек етіп, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

    Сондай-ақ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінде басқарма басшысы болып еңбек еткен.

    2019-2020 жылдары «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймақ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін «Атамекен» республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры болды.

    2020-2023 жылдары аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласы әкімінің лауазымдарын атқарды.

    2024-2025 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері