
Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы
Маңғыстау облысының әкімі
Өмірбаян
Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы 1978 жылы 10 сәуірде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын « темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру » мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін « Қаржы және қаржылық құқық » мамандығы бойынша бітірген. «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтой медалі - 17.01.2006 ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі - 09.12.2013 ж., «Қазақстан Республикасының конституциясына 25 жыл» мерейтой медалі - 28.08.2020 ж., иегері.
Еңбек жолын Ақтау қаласы "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау тасымалдау бөлімшесінің Маңғышлақ станциясының РЗД-16 станциясында кезекшінің практиканты болып бастаған.
02.12.1999 - 16.10.2000 - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызмет, Ресей.
19.10.2000 - 18.12.2000 - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау тасымалдау бөлімшесінің Маңғышлақ станциясының РЗД "Р" станциясында кезекші, Ақтау қаласы.
21.12.2000 - 08.02.2001 - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола станциясының кіру жолындағы жүктерді қабылдау-тапсырушысының көмекшісі, Ақмола қаласы.
08.02.2001 - 23.08.2001 - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола станциясының кіреберіс жолдардағы қабылдау-тапсырушы, Ақмола қаласы.
23.08.2001 - 01.02.2002 - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана станциясының кіреберіс жолдардағы жүктерді аға қабылдау-тапсырушысы, Астана қаласы .
01.02.2002 - 12.02.2002 - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жүк тасымалдары" еншілес мемлекеттік кәсіпорны филиалының Астана станциясының аға жүк қабылдау-тапсырушы, Астана қаласы.
14.02.2002 - 03.07.2002 - "Инфрақұрылым" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының техникалық басқармасының техникалық бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.
03.07.2002 - 12.05.2003 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Магистральды темір жол желісі департаментінің Техникалық басқармасының инфрақұрылымдардың техникалық құралдарын модернизациялау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.
12.05.2003 - 06.10.2003 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Техникалық басқармасының қауіпсіз технологиялық процестерді ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Астана қаласы.
06.10.2003 - 05.01.2004 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Техникалық басқармасының қауіпсіз технологиялық процестерді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.
05.01.2004 - 07.02.2005 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Магистральдық желі дирекциясы басқарушысының көмекшісі, Астана қаласы .
07.02.2005 - 01.06.2005 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетінің экономикалық және тарифтік саясат басқармасының темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауды жоспарлау және субсидиялау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Астана қаласы .
01.06.2005 - 05.10.2005 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетінің Экономикалық және тарифтік саясат басқармасының экономикалық талдау, болжамдау және бюджеттік бағдарламалар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Астана қаласы .
05.10.2005 - 31.07.2006 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетінің Экономикалық және тарифтік саясат басқармасының экономикалық талдау, болжамдау және бюджеттік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Астана қаласы.
31.07.2006 - 28.01.2008 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитетінің Экономикалық және тарифтік саясат басқармасының бастығы, Астана қаласы.
28.01.2008 - 10.10.2008 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Темір жол көлігі басқармасының бастығы, Астана қаласы .
10.10.2008 - 10.06.2009 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы.
11.06.2009 - 12.01.2010 - "Вокзал-сервис" акционерлік қоғамының президенті, Астана қаласы .
12.01.2010 - 07.07.2010 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы, Астана қаласы.
07.07.2010 - 29.10.2010 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы.
01.11.2010 - 10.01.2011 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы, Астана қаласы.
11.01.2011 - 16.09.2011 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы, Астана қаласы.
29.09.2011 - 09.11.2011 - Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, Астана қаласы.
09.11.2011 - 25.06.2012 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы "Маңғыстау жол бөлімшесі" филиалының директоры, Ақтау қаласы.
25.06.2012 - 19.09.2012 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының міндетін атқарушы, Астана қаласы.
20.09.2012 - 08.08.2013 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы, Астана қаласы.
09.08.2013 - 08.09.2015 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Басқарушы директор-Аппарат басшысы, Астана қаласы .
08.09.2015 - 22.11.2017 - "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (Президенті), Астана қаласы.
24.11.2017 - 06.06.2018 - "Теміржолсу" акционерлік қоғамының президенті, Астана қаласы.
06.06.2018 - 10.12.2018 - "Теміржолсу" акционерлік қоғамының Бас директоры-Басқарма төрағасы, Астана қаласы.
05.12.2018 - 25.06.2020 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласы .
26.06.2020 - 02.10.2022 - Ақтау қаласының әкімі, Ақтау қаласы .
03.10.2022 - 24.01.2023 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласы.
26.01.2023 - 17.05.2024 - "ӨзенМұнайГаз" АК Бас директоры, Жаңаөзен қаласы .
17.05.2024 - осы уақытқа дейін - Маңғыстау облысының әкімі, Ақтау қ.




