Оралов Асхат Раздықұлы

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары

    Оралов Асхат Раздықұлы
    Первый заместитель акима

    Оралов Асхат Раздықұлы

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    Асхат Оралов 1990 жылғы 10 ақпанда Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген.

    Жоғары білімді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алып, оны 2012 және 2014 жылдары аяқтады. 2014 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (университет) оқуын жалғастырды. Аудармашы, гуманитарлық және халықаралық ғылымдар магистрі біліктіліктеріне, сондай-ақ PhD дәрежесіне ие.

    2022 жылы «Құрмет» орденімен, ал 2018 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Асхат Оралов еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де жастар ұйымдарымен жұмыс істеуден бастады. Кейін университеттің протокол бөлімінде аға маман қызметін атқарды.

    2014–2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары болды. 2016–2018 жылдары Астана қаласының Жастар саясаты басқармасын басқарды.

    ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды, кейін Жастар және отбасы істері комитеттерінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

    2019–2020 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, ал одан кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

    2021–2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Кейін «Nur Otan» (қазіргі — «Amanat») партиясының атқарушы хатшысы болды.

    2023 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. 2024 жылдың наурызынан 2025 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері