
Комашева Жанар Советқызы
Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жанар Советқызы1969 жылыМай ауданы Көктөбе ауылындадүниеге келген. Білімі жоғары,2004 жылы - Қайнар университетін«Педадгогика және психология» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы санақшы-кассиріретінде бастаған, әр жылдары Жалтыр орта білім беру мектебінің мұғалімі, Май аудандық мәдениет үйінің кітапханашысы, бала-бақша тәрбиешісі, 1999-2010 жылдары Май ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, 2010-2011 жылдары Май ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, 2011-2014 жылдары Май ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2014-2017 жылдары Май ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, 2017-2021 жылдары Малайсары ауылдық округінің әкімі, 2021 жылғы желтоқсан айынан бастап Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманылауазымында қызмет атқарды.



