Есмағанбетов Рүстем Шахмұранұлы

    Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы

    Есмағанбетов Рүстем Шахмұранұлы
    Руководитель аппарата

    Есмағанбетов Рүстем Шахмұранұлы

    Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    1980 жылы 18 қарашада Торғай облысы, Амангелді ауданы Қабырға ауылында дүниеге келді.

    Екі жоғары білімі бар. Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты және ҚР Ішкі істер министрлігінің Баримбек Бейсенов атындағы заң институтын тәмәмдады.

    Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысының ішкі істер Департаментінің Осакаров ауданы бойынша ішкі істер бөліміндегі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінде полиция учаскелік инспекторы қызметінен бастап, қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы лауазымына дейін жоғарылады.

    2009 – 2010 жылдар аралығында ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде жұмыс істеді.

    2010 – 2015 жылдары Қазақстан Республикасының Парламентінде, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығында жұмыс істеді.

    2015 - 2016 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ мемлекеттік мекемесінде бас маман-заңгер болды.

    2016 – 2022 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    06.09.2022 жылы Ұлытау облысы Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері