
Төлегенұлы Мұқтар
Абай облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы
Өмірбаян
Мұқтар Төлегенұлы 1977 жылы 27 наурызда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келді, ұлты қазақ.
1999 жылы «Семей» мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылғы 03 қарашадан Абай ауданы бойынша салық комитеті аудит бөлімінің инспекторы қызметінен бастап, 2003 жылғы 03 қыркүйекке дейін жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы қызметтерін атқарды.
2003 жылғы 08 қыркүйектен бастап 2006 жылғы 16 сәуір аралығында ауысу тәртібімен Семей қалалық қазынашылық бөлімінің бас маманы-бас қазынашысы, сектор меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді.
2006 жылғы 17 сәуірден бастап Абай аудандық қазынашылық бөлімінің бастығы, 2008 жылғы 04 тамыздан бастап Абай аудандық қазынашылық басқармасының бастығы, 2008 жылғы 23 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті бастығының орынбасары, 2011 жылғы 25 тамыздан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы, 2021 жылғы 01 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысы Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2022 жылғы 15 тамыздан бастап осы уақытқа дейін Абай облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы қызметін атқарады.





