
Өмірбаян
Есенгалиев Темирболат Кайратович 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алғабас ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2008 жыл Қазақ-орыс халықаралық университетін зангер мамандығы бойынша Ақтөбе қаласында бітірген.
1997-2003 жылдары Ақжайық ауданы «Қайрат» шаруа қожалығынының жұмысшысы, 2008-2013 жылдары Ақжайық ауданы Алғабас а/о «Қайрат» шаруа қожалығының техникалық жүргізушісі, 2012 жылы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2012- 2016 жылдары Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2016 жылы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметтерінде істеген.
2016 -2020 жылдары Алғабас ауылдық округінің әкімі. 2020 жылдың 3 желтоқсанынан бастап Алғабас ауылдық округі әкімі болып қайта тағайындалды.



